Медиация тәртібімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы ауданының тұрғындары Т. мен У. бірнеше рет алдын-ала сөз байласу арқылы ұрлық жасаған, осымен жәбірленушілерге елеулі зиян келтірген. Олар ҚР ҚКтің 188-бабының 1-тармағы бойынша (бөтен мүлікті жасырын ұрлау) айыпталған.

Қылмыстық істі қарау барысында тараптардан кәсіби емес медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініші түсті.

Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының 27-бабының талабына сәйкес медиация рәсімі өткізіліп, сотталушылар мен жәбірленушілер арасында жасалған.

Сот қаулысымен қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі