Мектеп-интернаттың мұғалімі көлік жүргізу құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық сотымен азамат А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

2017 жылдың наурыз айында мектеп-интернатының мұғалімі «Volkswaqen Vento» автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша құқық бұзушының алкогольдік ішімдік ішкені анықталған.

Сотпен құқық бұзушы кінәлі деп танылды. Оған үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі