«Мұрағат ісін жүргізу» тақырыбына семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық сотында кеңсе мамандарының қатысуымен «Мұрағат жұмысын ұйымдастыру» тақырыбына семинар сабағы өтті.

Семинар сабағын ашқан бас маман Д. Исаева азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер мен материалдарды сақтау мерзімі, жою бойынша ережелерді атап көрсетті. Істерді мұрағатқа қабылдау барысында сот мұрағатының маманы істер бойынша реквизиттерді, электронды түрде салынған құжаттарды, сонымен қатар «Төрелік» АЖ салыстыра отырып байланыстырды толықтай тексереді, әрі, орындауға жолданған атқару құжаттары кері түскен сәттен толықтырып отырады.

Сот істері мен материалдардың өңделуі талапқа сай болмаған уақытта мұрағатқа қабылданбайды. Сот істері мен материалдары және басқада құжаттар есеп нөмірлері бойынша жылдар бойы сақталады, ал, істер сауал бойынша жолданған жағдайда, мұрағатта есепке алынып, уақытылы қайтарылуы қадағаланады.

Сот маманы қортындылай Қазақстан Республикасының соттарының қызметіндегі мұрағатқа құжаттарды өңдеу, уақытша сақтау және тұрақты сақтау үшін құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа беру тәртібі көрсетілген Ереженің талаптарын сақтау қажеттілігі туралы айтты.

Источник: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі