Мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының Бұқар-жырау ауданының №2 аудандық сотымен “Бұқар жырау ауданының орталық аудандық ауруханасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арызы бойынша азамат С.-ты маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу туралы азаматтық іс қаралды.

Арызда мазмұндалғандай, С. жүйелі түрде ішімдік ішумен айналысып, қоғамға сай емес өмір сүруде. Мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзып, отбасылық-тұрмыстық қатынастар шеңберінде құқық бұзушылық әрекеттер жасауға бейім. Ол Бұқар жырау ауданының нарколог-дәрігерінің есебінде тұр, тұрғылықты жері бойынша жағымсыз жағынан мінезделеді. Өз еркімен наркологиялық диспансерде емделуден бас тартады.

Сотпен азамат С.-ты наркологиялық мекемеге 6 ай мерзімге мәжбүрлеп емделуге жіберу туралы шешім шығарылды.

Источник: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі