Мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының Нұра аудандық сотымен аз. Б.-ны маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы «Нұра ауданының Орталық аудандық емханасы» КМК директорының ұсынысы қаралған.

Азаматтық іс материалдарынан келесідей мән-жайлар анықталған. Б. созылмалы маскүнемдіктен зардап шегуіне байланысты 2003 жылдан бері наркологиялық кабинетте есепте тұр және де мәжбүрлі түрде емдеуді қажет етеді. Ерікті түрде емделуден аз. Б. бас тартады. Қазіргі таңда, Б. алкогольді ішімдікті асыра пайдалануды жалғастыруда, сонымен қатар, ішімдік ішіп, мас күйінде әкімшілік құқық бұзушылықтар жасайды. Бірнеше рет аз. Б.-ның атына көршілері мен туысқандарынан шағымдар түскен.

Дәрігерлік комиссия қорытындысының негізінде арызданушының өкілі Б.-ны Саран қаласының «Арнайы емдеу-профилактикалық мекемесі» ММ-не мәжбүрлі түрде емдеуге жіберуді сұрайды.

Сот шешімі бойынша аз. Б. 12 айға Саран қаласының АЕП мекемесіне маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілген.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Нұра аудандық сотының баспасөз қызметі