Н.Назарбаев: «Ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облыстық сотында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау бойынша семинар өткізілді.

Жиынға облыстық соттың судьялары қатысты.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанна Сейдалина мемлекетіміздегі маңызды өзгерістер қоғамдық сананың өзгертуінсіз мүмкін еместігін атап өтті. «Елбасы мақаласының маңызды мазмұны тек қана ойлау мен елестету ғана емес, бұл негізгі мәселе ұлттық сана болып табылатын жұмыс жоспары», - деді ол.

«Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады. Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идеологиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді», - деп Елбасы өз мақаласында атап өтті.

Сонымен қоса, мақалада біздің қоғамыздағы маңызды мәселелер туралы айтылады. Облыстық сотының судьясы Марат Азбанбаевпен де осыған назар аударылды.

«Елбасының әрбір тезисі терең үңіліп, ұлттық бірегейлікті сақтаудағы сарабдал ұстанымдар мен ұсыныстарды өмір шындығына айналдыру керек», - деді Марат Азбанбаев.

Облыстық соттың басқа да судьялары ұлттық сананы жаңғырту туралы пікірлерімен бөлісті.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі