Облыстық сотының судьясымен студенттер үшін дәріс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық сотының судьясы Дмитрий Крюковпен Қарағанды экономикалық университетінің студенттері үшін дәріс өткізілді. Шара судьялардың VII съезі қорытындысы бойынша қоғамды құқықтық тәрбиелеу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өтті.

Жоғарғы оқу орынның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау аясында сот жүйесінің жаңғыруы, жаңа АПК мен жаңа ҚПК нормаларының енгізілуі туралы ақпарат алды. Сонымен бірге, дәріс барысында жаңа Әдеп кодексі жайлы, сондай-ақ судьялыққа үміткерлерді іріктеудің жаңа жүйесімен және жұмыс істеп жүрген судьяларға қойылатын талаптары туралы да айтылды.

Студенттер дау-дамайларды шешуде соттар тарапынан кеңінен қолданылып жатқан медиация тәсілі туралы мағлұмат алып, көкейлеріндегі сауалдарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Қарағанды облыстық соты алдағы уақытта да жоғары оқу орындарының студенттерімен осы тектес кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі