Осакаров аудандық сотында «Татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров аудандық сотында «Татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту» тақырыбында сот төрағасы Е.С. Оспанов, кәсіби емес медиаторлар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Осакаров аудандық сотының төрағасы Е.С. Оспанов азаматтық сот ісін жүргізуде даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Пилоттық жобаның өзектілігіне тоқталып, осы жобаның қолданысы ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасуы туралы хабарлады.

Аудандық соты бойынша нақты статистикалық деректерді келтіріп, аталған жобаның қолданылуы тәжірибеде оң нәтиже бергенін және келешекте жоғарыда аталған санаттар бойынша міндетті медиацияны енгізуге негіз болатындығы айтылды.

Партисипативтік рәсім тараптардың келісуімен, келіссөз жүргізу арқылы дауды реттеуге белсенді жәрдемдесетін әр тараптың адвокаттарының міндетті қатысуларымен өткізіледі. Партисипативтік рәсім аясында жасалған дауды реттеу туралы бітімгершілік келісім, тараптардың адвокаттарының қатысуымен соттың ұйғарымымен бекітіледі.

«Дөңгелек үстел» соңында партисипативтік рәсім бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын және азаматтық сот ісін жүргізу аясында партисипативтік тәртіпті енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға ұсыныс жасалынды.

 

Источник: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз- қызметі