Отбасы-тұрмыстық қатынас барысында құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының Ақтоғай аудандық соты отбасы-тұрмыстық қатынас барысында құқыққа қайшы әрекет жасаған азамат Т-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Азамат Т., өз үйіне спирттік ішімдік ішіп келіп, өзінің апасының ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіп ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот азамат Т-ны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі