Шет аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін іске асыру бойынша семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Электрондық ақпараттық сервисі «Сот кабинеті» жұмысын жандандыру мен насихаттау мақсатында сот кеңсе меңгерушісінің м.а. Жагипарова С. «Сот кабинеті» тақырыбына семинар сабағын өткізді.

Шараға ІІБ-нің қызметкерлері, Шет ауданының прокуратурасы өкілдері және Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаты қатысты.

Кездесу барысында Жагипарова С. «Сот кабинеті» жүйесі арқылы сот органдарының ақпараттық жүйесіне кіруге мүмкіндік беретіні және сервистің негізгі мақсаты азаматтарға, өкілдерге, адвокаттарға талап арыздарды және басқа да жүгінулерді сотқа интернет арқылы жолдауға мүмкіндік беретінін айтты.

Осы азаматтардың қаражаты мен уақытын үнемдеуге, бюрократиялық тосқауылдарды болдырмауға, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтуға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға себепкер болатыны туралы кең ауқымда түсіндіріп оның тәртібіне жан-жақты тоқталып кетті. Сондай-ақ, сервис құжаттарды электронды түрде жолдауға мүмкіндік беруді көздейтіндігін және құжаттарды қағаз жүзінде жолдамай тек электронды түрде жолдайтыны жайлы айтып берді.

Соңында қатысушылар жаңа ақпараттық технологияны қолданудың қырларын талқылап, өзара пікір алмасты.

Источник: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі