Сот оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде шешім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ақтоғай аудандық сотымен талапкер «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» АҚ-ның жауапкер А.-ға қатысты оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талапкер мен жауапкер арасында несие беру жөнінде келісім шарт бекітілген. Осы келісім шарт бойынша жауапкерге 200 000 теңге несие берілген.
Жауапкер А. міндеттеме ішінара орындалды.
Сот ұйғарымымен жауапкерге өз пікірін жазбаша түрінде білдіру үшін уақыт берілді.
Көрсетілген уақыт ішінде жауапкер кесте бойынша ай сайын несие төлеп отырғаны жөнінде дәлелдеме ретінде түбіртек қағаздарын ұсынды. Алайда, түбіртек бойынша кезекті төлем уақытында төленбегені белгілі болды.
Сотпен талапкер «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» АҚ-ның жауапкер А.-ға қатысты қарызды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі