Сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаарқа аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669 бабына сәйкес, азамат Г-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Жаңаарқа аудандық сотының сот қаулысының негізінді қозғалған атқару өндірісі бойынша азамат Г. 11345 тенге айыппұл өндіру туралы атқару өндірісі бойынша сот шешімін орындамаған. Аталған факт бойынша оған қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы азамат Г. кінәсін толығымен мойындап, оның тұрақты жұмыс орны болмауына және оның материалдық жағдайына байланысты сот шешімін орындамағандығын түсіндірді.

Сот, азамат Г. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылды. Ол әкімшілік жаза ретінде 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қайнар: 
Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз қызметі