Соттың 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмысы қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен бұқаралық ақпараттық құралдарының өкілдерімен 2017 жылдың 9 айын қорытындылау бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

Аталған баспасөз конференциясына сот төрағасы Т.М.Шакипов, кеңсе меңгерушісі Д.А.Сатыбалдин, «Жезказганский Вестник», «Мысты Өңір», «Подробности» және «Сарыарка» газеттерінің өкілдері қатысты.

Баспасөз конференциясында Т.М.Шакиповпен есептік кезеңнің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырмалы қорытындысы талқыланды.

2017 жылдың 9 айында 12 қылмыстық іс түскен (2016 жылы 14), 169 талап арыз түскен (2016 жылы 157) сонымен қатар, 226 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралған (2016 жылы 223).

Соынмен қатар, БАҚ-өкілдеріне сотқа жеткізбей дауларды шешу, медиация тәртібімен татуласу мүмкіншіліктері туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отыратыны айтылды.

Қатыстып отырған БАҚ өкілдері сұрақтарына толық жауап берілді.

 

Источник: 
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі