Іс тараптардың татуласуымен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында ұрлық жасағаны үшін за.Х.- ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.
Соттың анықтауы бойынша, аз. Х. «Ануар» сауда үйінде орналасқан түрлі киімдер сататын бутигіне кіреді. Оның әрекеттерін ешкімнің бақылап жатпағанын көріп, құны 7 500 теңге тұратын кеудешені ұрлап, қылмыс жасаған жерінен бой тасалап кетеді.  
Сот отырысы барысында аз.Х. өз кінәсін толық мойындады.
Сот қаулысымен айыпталушы мен жәбірленушінің өзара татуласуына байланысты, ҚР ҚК 68 б. 1 б. сәйкес аз.Х. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс өндірістен қыстартылды. 
Қаулы заңды күшіне енді. 

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі