Үлгі сот мәжілісі көшпелі түрде өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясын» жолдауын жүзеге асыру және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Н. Тлекова Теміртау қаласының прокуратурасымен бірлесе отырып, Теміртау қаласындағы әскери бөлімнің ғимаратында көшпелі түрде сот мәжілісі өткізілді.

Сот мәжілісінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 652-бабының 5-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу) әскери бөлімнің сарбазына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі