Ұлытау ауданының сотының төрағасы көшпелі қабылдау өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық сотының төрағасы Сағатов Сарсен Сейткенұлы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Жезді ауылының тұрғындармен кездесу ұйымдастырды. Аудандық сотпен құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтардың сауалдарына жауап беру үшін ауданның селолық округтерінде көшпелі азаматтарды қабылдау шаралары тұрақты өткізіліп отырады.

Осындай тағы бір кездесу «Ашық есік күні» іс-шарасы сот төрағасы С.Сағатовпен Жезді кентінің тұрғындарымен өтті.

Төрағаның қабылдауында азаматтар тұрғын үй мәселесіне, жер теліміне және заңдық маңызы бар фактіні анықтауға қатысты сұрақтармен жүгінді.

«Ашық есік» күніне келген ауыл  тұрғыны Д.Сейтмаганбетова әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібіне қатысты түсіндіруді сұрап, ал азаматша Л.Костаева мүгедектерге көрсетілетін көмектер туралы сұрады.

С.Сағатов азаматтардың барлық  сұрақтарына жауап беріп, заңнама нормаларын түсіндірді.

Сонымен қатар, Жезді кенті әкімшілігінің ғимаратында кент әкімі Б.Нұрбалаевтың, кент әкімдігі қызметкерлерінің ауыл тұрғындарының қатысуларымен сот төрағасы С.С.Сағатов Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының  қылмыстық процесті реформалау және құқық қорғау қызметінің басқа да салаларын жетілдіру сұрақтары бойынша ақпараттық қамтамасыз ету медиа-жоспарына реформаның басым бағыттарын түсіндіру мақсатында  халықпен кездесу өткізді.

Сот төрағасы аталған түзетулер тергеу, қадағалау және сот органдары арасында өкілеттіктерді бөлу, соттың қадағалау құзіретін кеңейту және қылмыстық іс жүргізуде адамның құқығының қорғалуын нығайту үшін қажетті болып табылатынын ерекше атап өтті.

Тұрғындар мен ауылдық округтің әкімі  көкейкесті сауалдарына  тиісті жауаптарын алғандарына сот төрағасына өздерінің ризашылығын білдіріп, алда осы іс-шара жиі жалғасын табады деген үміттерін білдірді.

Источник: 
Ұлытау аудандық сотының баспасөз қызметі