Жаңадан тағайындалған судья таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облыстық соты төрағасының м.а. Нұрмағамбетов Рашид жаңадан тағайындалған судьяны таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

2017 жылдың 10 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың №458 Жарлығымен Қарағанды облыстық сотының судьясы лауазымына Жүнісова Айгүл Дәулетқызы тағайындалды.

Айгүл Дәулетқызы облыстық соты судьясының лауазымына тағайындалғанға дейін адвокат болып жұмыс істеді, Қарағанды облысы адвокаттар алқасының мүшесі болды. Сонымен бірге, 2002 жылдан бастап 2013 жылдар аралығында Теміртау қаласының судьясы, одан кейін Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып қызмет атқарған.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі