Архив событий

01/09/2016

Қарағандыда «Азат елдің ар - намысы Ата заң» атты дөңгелек үстел өтті

01/09/2016
Қарағандының Достар үйінде Қарағанды облысының әкімі Н.К. Әбдібековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған «Азат елдің ар - намысы Ата заң» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Аудан әкімі атынан сот қызметкеріне алғыс хат

01/09/2016
Қазақстан Республикасының Конституция Күнін мерекелеу қарсаңында сот жүйесінде 15 жылдан астам жұмыс атқарған Осакаров ауданының №2 аудандық сотының қызметкері Драгне Светлана Петровна адал еңбегі және Осакаров ауданының дамуына елеулі үлес қосу үшін аудан әкімі атынан алғыс хатпен марапатталды.

Бітімгершілік орналды

01/09/2016
Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73бабы 1 бөлігі бойынша азамат Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат Р. үйде болып, өзінің әпкесімен ұрыс, жанжал шығарып, балағат сөздер айтқан.

Бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде қарыз өндірілді

01/09/2016
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотымен азамат Ц.-ға қатысты бұйрық шығару тәртібімен жалпы кондоминиум объектісіне міндетті төлемдер бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талапкердің ұсынған анықтамасына сәйкес, 2015 жылдың 01 қазаңымен 2016 жылдың 30 маусым аралығында 10 890 сомасында қарыз бар екені көрсетілген.

«Адамды сауда-саттыққа салуға жол жоқ»

01/09/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психологы Ю.Л. Верхуша адамдарды сатудың құрбандарын еске алу күніне арналған шараға қатысты.

Волонтерлер және олардың құқық бұзушылықтың алдын алудағы рөлі

01/09/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Волонтерлер және олардың құқық бұзушылықтың алдын алудағы рөлі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік құрылым және қоғамдық бірлестіктің өкілдері қатысты.

Талап арызды қанағатсыз қалдырды

01/09/2016
Бұқар-Жырау ауданының №2 аудандық сотымен азамат Ш.-тың «КМ Tranco» жауапкершілігі шектеулі серіптестікке дициплинарлық жауаптылық тағайындау туралы бұйрықтардың күшін жою және заңды емес деп тану туралы талап арызы қаралды.

Бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталды

01/09/2016
Шахтинск қалалық сотында Қазақстан Республикасы ҚК 188 бабы 2 бөлігі 2, 3 тармақтарында көзделген (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, бiрнеше рет;тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін азаматша З.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.