Архив событий

13/09/2016

«Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру» тақырыбында семинар өткізілді

13/09/2016
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны орындау мақсатында Қарағанды облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Жезқазған қаласы «Мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы Күзет 4-БП» ММ-нің қызметкерлерімен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Жол көлік оқиғасын жасаған

13/09/2016
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат З.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық материалы қаралды.
Құқық бұзушы өзінің басқаруындағы автокөлігін басты жолмен қозғалып келген кезде басқа автокөлігіне жол бермей соқтығысқан. Нәтижесінде осы соқтығысу салдарынан автокөліктерге мүліктік залал келтірілген.

Сот отырыстарын бейнеконференциялық байланыс жүйесін қолданумен ұйымдастыру мәселелері талқыланды

13/09/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісімен бейнеконференциялық байланыс жүйесінің көмегімен сот отырыстарын ұйымдастыру мәселесі бойынша сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Семинарлық сабақ өткізілді

13/09/2016
Балқаш қалалық сотында дауды (жанжалды) медиация тәртібінде реттеу бөлігінде семинарлық сабақ өтті.
Аталған шараға қалалық соттың судьялары М.Д.Жумакаева, Н.М.Берликешева, М.С.Жакупбеков, Н.У.Сыздыков, Л.А.Сагимбекова, К.Б.Бекишева және Л.О.Исабекова қатысты.