Архив событий

15/09/2016

Қарағандыда Қазақстан Республикасының судьялары арасында финалдық жарыс өтеді

15/09/2016
2016 жылдың 23-қыркүйегінде сағат 09.00 «Шахтер» стадионында Қазақстан Ресупбликасының судьялары арасында спартакиада (финал) өтетінін хабарлаймыз.
Іс-шараға біздің мемлекетіміздің барлық өңірлерінің судьялары, жартылай финалдық жарыстар спартакиадасының жеңімпаздары қатысады.

Борыш банктің пайдасына өндірілді

15/09/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Молодежный кентінің тұрғынынан борышты өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Тараптардың ортақ мүлкiн бөлу дауы медиация тәртібімен шешілді

15/09/2016
Талапкер Балқаш қалалық сотына мүлiктегi үлестерiн айқындау және ортақ мүліктің ½ үлесін меншік құқығы деп тану туралы талап арызымен жүгінген. Жинаған мүліктің бір бөлігі оған да тиесілі екенін жауапкердің ерікті түрде мойындамауы сотқа талап арызбен жүгінуге себеп болған.

Шығудан бас тартқаны үшін әкімшілік айыппұл

15/09/2016
Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы 4 бөлігі бойынша азаматша Г.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азербайджан Республикасының азаматшасы Г. заңмен белгіленген уақытта Қазақстан Республикасынан тыс шығудан жалтарған.

Сотпен молекулярлы-гинетикалық сараптама тағайындалды

15/09/2016
 
Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотымен талапкер Б.-ның жауапкер М.-ға әкелігін тану бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сот отырысында жауапкер М. талапты мойындамай, молекулярлы - гинетикалық сараптама тағайындау туралы өтінішпен жүгінді.

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында "дөңгелек үстелдің" кезекті мәжілісі өтті

15/09/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында «Сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру мерзімдері. Өткен іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру тәртібі. «Валют -Транзит Банк» АҚ-ның тарату комиссиясының сот актісін орындаудан бас тарту түрінде сот орындаушысының әрекетіне берген шағымын қарау тәжірибесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

15/09/2016
Азамат У. өз үйінде, мас күйінде болып шешесіне жанжал шығарып, балағат сөздер айтқан.
Жаза мен шара түрін анықтау кезінде сот кінәлінің тұлғасын, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығын, тұрғылықты жері бойынша жағымсыз мінездемесіне ескерді.

Жауапкершілікке тартпай, келісімге келу

15/09/2016
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 136 бабының 1 бөлігі бойынша (Алимент төлеуден қасақана жалтару) қылмыстық ісі Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот өндірісінде болды.
Сотталушы М. соттан жасырынғандықтан, ол қамауда болды, ал жеке айыптаушы К. өте теріс күйде болды.

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұлға тартылды

15/09/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша Жамбыл облысының тұрғыны кінәлі деп танылған.

Көлік құралдары салығын өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды

15/09/2016
Бұқар Жырау аудандық соты «Бұқар Жырау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің арызы бойынша борышкерден көлік құралдары салығын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.
Іс құжаттарына сәйкес, борышкерге салық заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы хабарлама жолданған болатын. Алайда, борышкер осы уақытқа дейін берешекті өтемеген.

Жеке айыптаушы айыптаудан бас тартты

15/09/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық сотына Тельманское ауылы тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 130 бабы 2 бөлігі (Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату) бойынша жеке айыптау шағымы түсті.