Архив событий

28/09/2016

Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Р.А. Нұрмағамбетов семинар-кеңес өткізді

28/09/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Р.А. Нұрмағамбетов аудандық сот судьяларымен сот өңдірісінде қаралып жатқан қылмыстық істерге қатысты семинар-кеңес өткізді.

2016 жылдың 07-қазанында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының мерзімінен тыс VII съезі өтеді

28/09/2016
Қазақстан Республикасы судьяларының 7 съезін ұлы тарихи оқиға - Қазақстан Республикасының 25-жылдығы қарсаңында мерзімінен тыс өткізу демократиялық құқықтық тәуелсіздік мемлекет құрудағы сот жүйесінің ерекше рөлін көрсетеді.

Дау келісіммен шешілді

28/09/2016
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты талапкер аз.А.-ның жауапкер аз.Л.-мен мүлікті бөлу туралы талап-арызы бойынша азаматтық ісін қарады.
Тараптар некеде болған кезінде автокөлік және несие алды. Талапкердің талап-арызы негізінде, талапкер некеде алынған автокөлік және алынған несиені бөлуін сұрайды.

Сотта пробация қызметімен бірлесіп «дөңгелек үстел» өткізілді

28/09/2016
Осакаров ауданының №2 соты Осакаров ауданының №2 пробация қызметімен бірлесе отырып, «Сотталушылардың арасында құқық бұзушылықты саралау» тақырыбында «дөңгелек үстел» шарасын өткізді. Шараға Осакаров ауданы прокуратурасының аға прокуроры, Осакаров ауданының №2 пробация қызметінің және Молодежный полиция бөлімшесінің қызметкерлері, сот мамандары, сонымен қатар, пробация қызметінің есебіндегілер қатысты.

Қоғамдық орындағы тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл

28/09/2016
Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабының 1 бөлігі бойынша Л.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарастырылды.
Азамат Л. алкогольді мас күйінде балағат сөздер айтқан, сонымен ұсақ бұзақылық жасаған.  

Акционерлік қоғам мен Шаруа қождалығы арасындағы дау шешілді

28/09/2016
Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының шешіміне апелляциялық шағымы бойынша келіп түскен «Аграрная кредитная корпорация» Акционерлік қоғамы «Сары Өзек» Шаруа қожалығының Ж.К. Хасенов пен Е.К. Хасенов басшылары атына тиесілі сыйақы мен өсіммен бірге займ затының қалған бөлігін мерзімінен бұрын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Мамандар науқанға белсене қатысты

28/09/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты АФ «Красный полумесяц» және АҚ «Мир Добра» ұйымдастыруымен «Үйдегі бейбітшілік» атты Қарағанды қаласының ішкі саясатының Қазақстан республикасындағы «Отбасы күніне» арналған шарасына қатысты.

Қазақстан Республикасының «Мүгедектердің құқықтары Конвенциясын ратификациялау туралы» Заңын зерделеу бойынша семинар сабағы өткізілді

28/09/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандары арасында Қазақстан Республикасының «Мүгедектердің құқықтары Конвенциясын ратификациялау туралы» Заңын зерделеу бойынша семинар сабағы өткізілді.
Іс-шарада жетекші маман Ә.Б. Сайлаухан өзінің баяндамасын ұсынды.

Октябрь ауданының №2 аудандық соты брифинг өткізді

28/09/2016
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг өткізілді. «Караван» газетінің өкілі Л. Чен мен «Вестник Фемиды» газетінің өкілі Т. Шарипованың қатысты.

Қазыбек би аудандық сотында "дөңгелек үстелдің" мәжілісі өтті

28/09/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында «Жәбірленуші деп тану тәртібі» тақырыбында Қарағанды облысының аудандық сот судьялары, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық прокуратура бөлімі прокурорларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Қарағанды облыстық сотында арнайы құқықтардың (көлік құралын жүргізу құқығы) әрекетін тоқтату мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

28/09/2016
Қарағанды облыстық сотында «Арнайы құқықтардың (көлік құралын жүргізу құқығы) әрекетін тоқтату бойынша сот актілерін орындау тәжірибесінің мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.