Архив событий

16/09/2016

Пара алғаны үшін жазаланды

16/09/2016
Жаңаарқа аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-тің 366 бабының 1 бөлігі, 368 бабының 1 бөлігі бойынша азамата Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Кішкентай адамдардың үлкен жеңістері

16/09/2016
Талапкер Балқаш қалалық сотына моральдық залалды өндіру туралы талап арызбен жүгінді, оның айтуынша ол жауапкердің қарамағында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-нің филиалының "Қарағандытүстімет" өндірістік бірлестігінің байыту фабрикасында флотатор қызметін атқарған.

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

16/09/2016
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Теміртау қаласының тұрғыны азаматша В.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 482 бабының 1 бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қоғамдық орындарға мас күйінде келу үшін 5 тәулікке қамауға алынды және ерекше тараптар тағайындалды

16/09/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440 бабы 4 бөлігі бойынша (Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) Молодежный кентінің тұрғыныны кінәлі деп танылған.

Қазақстан Республикасының көші-қоны заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

16/09/2016
Бұқар-Жырау аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517 бабы 2 бөлімі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Ресей Федерациясының азаматы К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Жезөкшелік сауда мен жеңгетайлық үшін бас бостандығынан айрылды

16/09/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-тің (1997 жылғы баспа) 271 бабы 2 бөлімінде (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық), 126 бабы 3 бөлімі «б» тармағында (Бас бостандығынан заңсыз айыру) көрсетілген қылмыстар жасағаны бойынша азамат В.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.