Қазақстан Республикасының көші-қоны заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бұқар-Жырау аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517 бабы 2 бөлімі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Ресей Федерациясының азаматы К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.
Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданының аумағындағы «Сары-арқа» ауежайында төлқұжат тексерісінен өтетін жерде Ресей азаматы К. тоқтатылған, себебі бұл азамат Қазақстан Республикасының халықтық көші-қоны заңын бұзған. Яғни ол аталған баптың бірінші бөлігінде қарастырылған мерзімдерден аса ішкі істер органдарында тіркеусіз Қазақстан Республикасында болған, болу уақыты 8 күнге кешіктірілген.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, Қазақстан Республикасы аумағында болу ережелерін бұзғаны ұқыпсыздықтан болғанын, жасағанына өкінгенін, айыппұл төлеуге қарсы еместігін айтты.
Құқық бұзушы кінәсін мойындағанын, жасағанына өкінгенін, құқық бұзушылықты бірінші рет жасағанын ескере отырып, сот азамат К.-ны 31 815 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартты.

 

Источник: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз қызметі