Архив событий

20/09/2016

Полиция қызметкері ақталды

20/09/2016
Қарағанды облысының Нұра аудандық сотымен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша айыпталған полиция қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108 бабына сай қылмыстық іс қаралған.

Меншік құқығы танылды

20/09/2016
Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотында азамат Т.–ның Бұқар Жырау ауданының әкімдігіне сатып алу–сату шартын растау туралы, жер телімімен үйге меншік құқығын анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
15.10.2013 жылы В. және Т.-ның арасында жер телімімен үйге меншік құқығын анықтау туралы мәміле жасалған.

Мүгедектердің сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету

20/09/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотында «Мүгедектердің сот төрелігіне қолжетімділігі» тақырыбында семинар сабағы өтті. Баяндаманы судья А.Б. Парижева жасады, Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьялары қатысты.

Сотта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы семинар сабағы өткізілді

20/09/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісімен «1-ТӨ есебі» тақырыбындағы семинар сабағы өткізілді. Дәріске Осакаров ауданының ІІБ-нің Молодежный кенттік полиция бөлімшесінің қызметкерлері, №2 Пробация қызметінің инспекторлары, Молодежный кенті әкімі аппаратының өкілі және де сот қызметкерлері қатысты.

Қоғамдық орындарға мас күйінде келу үшін 5 тәулікке қамауға алынып және ерекше талаптар тағайындалды

20/09/2016
Ұлытау аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440 бабы 4 бөлігі (Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) бойынша Жезді кентінің тұрғынын кінәлі деп таныды.

Ас әзірлейтін бөліктің қызметі тоқтатылды

20/09/2016
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қарағанды облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Нұра аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" РММ-нің жауапкер Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Нұра ауданының аудандық орталық ауруханасы" КМК-ға қатысты азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жазаланды

20/09/2016
Қарағанды облысының Ұлытау аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлігі бойынша (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Өзбекстан Республикасының тумасы А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.