Архив событий

06/09/2016

Заңды тұлғаға айыппұл салынды

06/09/2016
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463 бабы 1 тармағы бойынша «Карагандинское горно-строительное предприятие» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады. 

Банктік займ шарттары бойынша айып мөлшері. Айып мөлшерін азайту және өндіру негіздері

06/09/2016
Аудандық соттың оқу орталығының жоспарына сәйкес Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында «Банктік займ шарттары бойынша айып мөлшері. Айып мөлшерін азайту және өндіру негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жанұялық жанжал үшін 2 тәулікке қамалды

06/09/2016
Ұлытау аудандық соты құқық бұзушы Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.
Ж. өзінің әйеліне жанжал шығарып, балағат сөздер айтқан.

Шешенқара ауылында азаматтарды қабылдау өткізілді

06/09/2016
Бұқар жырау ауданының Шешенкара ауылында аудандық сотының төрағасы Р.И.Дурдыев азаматтарды қабылдау жүргізді.
Сот төрағасы қабылдауына ауылдың бірнеше адамдары әртүрлі мәселелер бойынша келді. Ол: пәтерлер мен үйлерге жеке меншік құқығын тану, отбасылық заңнама, жер қатынастары және келісім шарт міндеттемелері туралы сұрақтар.

Жаңадан тағайындалған судьяны таныстырды

06/09/2016
Ақтоғай  аудандық  сотында  Ақтоғай аудандық сотының төрағасы  М.О. Жакешов ауданның белсенділеріне жаңадан тағайындалған судья  С.Т. Сакеновты таныстыру рәсімін  өткізді. Ол 2016 жылы 17 тамыздағы  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес  Ақтоғай аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Тараптардың татуласуы

06/09/2016
Бұқар-Жырау аудандық сотымен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттерді жасағаны үшін  Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған азамат Ж.-ға қатысты әкімішілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.