Шешенқара ауылында азаматтарды қабылдау өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бұқар жырау ауданының Шешенкара ауылында аудандық сотының төрағасы Р.И.Дурдыев азаматтарды қабылдау жүргізді.
Сот төрағасы қабылдауына ауылдың бірнеше адамдары әртүрлі мәселелер бойынша келді. Ол: пәтерлер мен үйлерге жеке меншік құқығын тану, отбасылық заңнама, жер қатынастары және келісім шарт міндеттемелері туралы сұрақтар.
Ауылда қазіргі уақытқа дейін негізінде өзекті мәселелер ертеде сатып алған үйлерін уақытылы тіркеуден  өткізбеуі, жер телімдерін алу және тіркеу туралы сұрақтар болып отыр.
Сот төрағасы қабылдау барысында қойылған барлық сауалдарға толық жауап беріп, сот құзырына жатпайтын сұрақтар бойынша уәкілетті мекемелерге жүгіну жөнінде түсініктеме жасады.
Қабылдау нәтижесі бойынша ауыл тұрғындары кейде аталмыш мәселелерді шешу үшін қаражаттық жағдайлары аз болғандықтан аудан орталығына жете алмайтындығын айтып, сапарлық қабылдауды өткізгені үшін көп алғыстарын жеткізді.

 

Источник: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз қызметі