Архив событий

05/09/2016

Алимент бойынша қарыз

05/09/2016
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық соты бұйрық тәртібімен аз. Ж.-ның баланы асырау үшін алиментті өндіру туралы азаматтық ісін қарады.
Талапкер жауапкермен 2016 жылдың қаңтар айына дейін бірге тұрды. Некеден бір бала бар, бала талапкердің тәрбиесінде. Жауапкерден бүгінгі таңға дейін еш бір көмек көрсетілмейді.

Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

05/09/2016
Нұра аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағы (Ұрлық) бойынша аз. С.-қа қатысты қылмыстық ісі медиацияның қолданылуымен қаралған.

Балқаш қалалық сотына жаңа кеңсе меңгерушіні таныстырды

05/09/2016
Балқаш қалалық сотында болып өткен жиналыста сот төрағасы Н.У. Сыздықов Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісінің Бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің бас маманы лауазымынан Балқаш қалалық сотының жаңа кеңсе меңгерушісі лауазымына ауыстыру тәртібі бойынша тағайындалған Али Ауэзұлы Махашевпен таныстырды.

3 000 000 теңге қарыз өндірілді

05/09/2016
Талапкер О. жауапкер Т.-дан қарыз соманы өндіру туралы талап-арызымен сотқа жүгінді. Жауапкер талапкерден 9 500 АҚШ долларын қарызға алып, 2014 жылдың желтоқсан айына дейін міндетті түрде қайтып беру туралы нотариалды расталған келісім-шарт жасағанын мәлімдеді.

Кішкентай адамдардың үлкен жеңістері

05/09/2016
Шахтинск қалалық сотында талап қоюшы И.-ның жауапкер «Арселор Миттал Теміртау » АҚ-на еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты даулау және бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, бос жүрген күндеріне жалақысын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот негізсіз пайданы тұтынушыларға қайтаруды міндеттеді

05/09/2016
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаметі» РММ-нің «Жезқазған Энергосбыт» ЖШС-мен орнатылмаған бағаны қою бойынша іс-әрекетін заңсыз деп тану, орнатылған баға мен өз еркімен орнатылған баға айырмашылығын тұтынушыларға қайтаруды міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Жезқазған қаласының ювеналдық сот қызметкерлері кезекті сенбілік өткізді

05/09/2016
Қарағанды облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері сенбілік өткізді.
Сот қызметкерлері іс шара жүргізу барысында қалдықтарды тазалап, сот ғимаратының аумағын ретке келтірді, қоқыстар жинастыру жұмыстарын, сонымен қатар сот ғимаратының ішінде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

05/09/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК 234 бабы 1 бөлімінде көрсетілген (Экономикалық контрабанда) қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қарағанды қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Қашықтағы сот отырыстары» жобасын жүзеге асыру

05/09/2016
«Қашықтағы сот отырыстары» жобасын жүзеге асыру мақсатында Абай аудандық сотында соттар мен түзеу мекемелерінде қашықтағы бейнебайланыс жүйесі енгізілді. Бейнебайланысконференция инновациялық технологиясы Қарабас кентінің АК-159/18 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушылардың қатысуымен өтетін сот отырыстарын жүргізу үшін қолданылады.

Орталық саябақтағы заңсыз тұрғызылған құрылыстар бұзылады

05/09/2016
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Мәдениет және демалыс саябақтар басқармасы» КМК-нің заңсыз тұрғызылған құрылыстарды бұзу, жер учаскелерін босату туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. Талаптар 13 жеке кәсіпкерлерге қойылды.