Архив событий

08/09/2016

Жеке меншік құқығын тану

08/09/2016
Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотымен талапкер Ш.-тың жауапкер Қарқаралы аудандық әкімдігіне Қарбұлақ ауылында орналасқан мал бағатын базаны мерзімінің ескеруі бойынша жеке меншік құқығын тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот жеке сот орындаушының борышкердің кепілге алынған мүлікті өндіріп алу туралы ұсынысын қарады

08/09/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық сотымен жеке сот орындаушының борышкердің кепілге алынған мүлігін өндіріп алу туралы ұсынысын қанағаттандырудан бас тартылды. Борышкерден 612 767 теңге көлеміндегі борышты «Синтек» ШКҰ ЖШС-нің пайдасына сот шешімі бойынша өндіріп алынған негізінде өндіріп алушы сотқа жүгінді.

Сот мәжілісі бейнебайланыс арқылы өтті

08/09/2016
Қарағанды облысы Абай аудандық сотында төрағалық етуші судья Е.Исабековтың, мемлекеттік айыптаушы Б.Ашимбековтың қатысуымен алғашқы рет жалпы режим АК-159/18 колониясының 11 сотталушысына қатысты жаза түрін ауыстыру туралы қолдаухаты бойынша сот отырысы бейнебайланыс арқылы өткізілді.

Бала отбасында өмір сүруге құқылы

08/09/2016
Қарағанды облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен арызданушы Г.-ның бала асырап алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Отбасылық-тұрмыстық жанжал үшін әкімшілік ескерту

08/09/2016
Сәтбаев қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 461 бабы бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат А. өзінің үйінде, жұбайына отбасылық-тұрмыстық жанжал көрсете отырып, дау кезінде ол өзін агрессивті ұстап, ескертуге мән бермей, дауыс көтеріп, жұбайының намысына келетін сөздер айтқан.

Қылмыстық қылық

08/09/2016
Қарағанды облысы Cәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 2 бөлімінде көзделген қылмысты жасағанына айыптау бойынша азамат К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Кәмелеттік жасқа толмаған ұлының пайдасына 2 000 000 теңге

08/09/2016
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында кәмелеттік жасқа толмаған ұлының мүддесін қорғаушы талапкер П.-ның жауапкер «Апаттар медицинасының Темір жол госпитальдары» АҚ-на моральдық зиянды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Қоғамдық имандылықты бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлға тартылды

08/09/2016
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабының 5 бөлігі бойынша (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу) азаматша С.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Өндіріліп жатқан алимент көлемін көбейтуге келісті

08/09/2016
Қарағанды облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер Л.-дің жауапкер М.-ге алимент мөлшерін көбейту туралы азаматтық ісі қаралды.
Алдын ала сот отырысы барысында тараптар азаматтық іс жүргізу заңнамасымен түсіндірумен қоса дауды медиация тәртібінде шешуді туралы ынталарын білдірді.