Қылмыстық қылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысы Cәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 2 бөлімінде көзделген қылмысты жасағанына айыптау бойынша азамат К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сәтбаев қаласы ІІБ-нің қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бойынша күзетшілік барысында аз.К. ұсталған, екі куәнің қатысуымен жеке тінту кезінде, шалбарының оң жақ сыртқы қалтасынан қағазға оралған жасыл-қара түсті ерекше иісті зат табылған және тәркіленген.
Сараптаманың қорытындысы бойынша аз.К.-дан тәркіленген жасыл-қара түсті өсірілетін зат есірткі құралы болып табылған.
Сот отырысында К. өзінің кінәсін толық мойындап, жасалған жайтқа өкінді.
Сот үкімімен аз.К. қылмыстық қылық жасағанына кінәлі деп танылды. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде - 53 025 теңге айппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

 

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз қызметі