Тараптардың татуласуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бұқар-Жырау аудандық сотымен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы әрекеттерді жасағаны үшін  Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 73 бабы 1 бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған азамат Ж.-ға қатысты әкімішілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Ботақара кентінің тұрғыны  азамат Ж.  мас күйінде, өзінің жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, үй ішінде бүлік шығара отырып, өзімен бірге отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста тұрған тұлғалардың тыныштығын бұзды.
Сот отырысында құқық бұзушы мен жәбірленуші  татуласу туралы арызын ұсынды.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 64 бабына сәйкес азамат Ж. әкімшілік жауапкершіліктен тараптардың татуласуына байланысты босатылды.

 

Источник: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз қызметі