Қарағанды облыстық соты «Время» газетінің журналистімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облыстық сотында «Гильдия судебных репортеров» ҚБ-нің өкілі Ирина Московкамен кездесу өтті.
Іс-шараға облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Ж.К. сейдалина, Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы К.Б. Имашев, Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Қ. Алашұлы, судья, БАҚ-пен өзара жұмысты үйлестіруші А.А. Даненова, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г.А. Житикова қатысты.
Кездесудің мақсаты: 2016 жылдың 29 тамызында «Время» газетінде жарияланған мақаланы талқылау. Мақалада кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзған алқабилердің әкімшілік жазаға тартылғаны туралы айтылған.
Кездесу барысында алқабилерге қатысты жазаны тағайындау бөлігінде тілшіге түсініктемелер берілді.
Қарағанды облыстық соты мен «Гильдия судебных репортеров» ҚБ-нің өзара ынтымақтастық туралы меморандумды бекіту жөніндегі мәселе де қарастырылды.

 

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі