Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Р.А. Нұрмағамбетов семинар-кеңес өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Р.А. Нұрмағамбетов аудандық сот судьяларымен сот өңдірісінде қаралып жатқан қылмыстық істерге қатысты семинар-кеңес өткізді.

Сондай-ақ, жоғарыдағы іс-шараға Қарағанды облыстық сот судьясы Р.Х. Нурмуханова, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты төрағасының м.а. Б.Х. Ахметова қатысты.

Өткізілген іс-шара барысында судьялармен сот тәжірибесінің өзекті сұрақтары талқыланды. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасымен сот төрелігін жүзеге асыруда сот актілерінің сапасын жоғарылатуда жұмыстың нысаналы болуы қажеттілігін, сонымен қоса қылмыстық істер қарауда әуре-сарсаңға салмауын жеткізді.

 

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі