Өзбекстан азаматы жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының Нұра аудандық сотымен Өзбекстан азаматы А.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен көзделген, яғни шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуға байланысты әкімшілік құық бұзушылық туралы ісі қаралған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарынан келесідей мән-жайлар анықталған. 2016 жылдың қараша айында Нұра ауданының Киевка кентінде Өзбекстан Республикасының азаматы А. ұсталып, ол тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.
Сот мәжілісі кезінде, құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, ол миграциялық карточкада көрсетілген мерзім ішінде білмегендіктен Қазақстан Республикасынан кетпегенін түсіндірді.
Сот қаулысымен Өзбекстан азаматы А. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жаза ретінде 1 тәулік әкімшілік қамауға алынған.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

 

Қайнар: 
Нұра аудандық сотының баспасөз қызметі