Сот пайдаланушылық шығыстары мен коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша берешекті өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қалалық сотымен талапкер «Балхаш универсал» ЖШС-нің борышкер В.-дан пайдалану шығыстары мен коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
«Балқаш универсал» ЖШС-нің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстары бойынша тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтері бойынша борышкер В.-ға қызмет көрсетті.
Жоғарыда аталған келісім шарттар бойынша жауапкер өзінің міндетін тиісті деңгейде орындамағаны үшін мерзімі өткен берешектер қалыптасып, бүгінгі таңда жауапкердің пайдалану шығыстары мен коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қарызы 138 000 теңгені құрайды.
Сот шешімімен борышкерден «Балқаш универсал» ЖШС-нің пайдаланушылық шығыстары мен коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша жалпы берешек өндірілді.

 

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі