«Тергеу судьясының өкілеттілігі кеңейді» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттілігі кеңейді тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына судьялар, Ақтоғай ауданының прокуроры Г.Муканов, Ақтоғай ауданының ІІБ басшысы Орынбеков Е.М., және көші-қон полициясы қызметкерлері қатысты. Аудандық сот төрағасы М.З. Қасымбеков дөңгелек үстелді барысында Ұлт жоспарында жүктелген тапсырмаларға сәйкес, тергеу судьяларының өкілеттігін кеңейту бойынша атқарылған жұмыстар төңірегінде ой қозғады. Ол: «Тергеу судьясы өкілеттігі біртіндеп кеңейтілуде, қазіргі таңда олардың өкілеттілігіне тергеу амалдарының 16 сұрағын санкциялау кіреді»-деп атап өтті. Биыл шілде айында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қабылданды. Қылмыстық-процестік заңға енгізілген өзгерістер бойынша күзетпен ұстауға санкция беруге байланысты мәселелерді шешкен кезде тергеу судьясының көрсетілген адамға қылмыс жасады деген күдік келтірудің негізділігін тексеру керектігі талап етілген. Осыған орай, Ақтоғай аудандық сотының бастамасымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қолданыстағы қылмыстық-процестік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Источник: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі