Үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ағымдағы жылдың қараша айының 21 күні өткен Қазақстан
Республикасы судьяларының VII съезін жергілікті бұқараға насихаттау және онда қойылған тапсырмаларды түсіндіру мақсатына Нұра аудандық сотында сот төрағасы Серік Маратұлы Жұмабековтың ұйымдастырумен желтоқсан айының 13 күні «Қазақстан судьяларының VII съезі – сот жүйесін жетілдірудің жаңа импульсі» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өтті. Осы іс шараға сот төрағасының арнайы шақырылуымен, «Қорғансыз қалған және жалғыз басты қарт адамдарды күтіп-бағу бойынша» қоғамдық ұйымның басшысы Түсіпбекова Гүлнар Еслямовна, ауданымыздың жеке кәсіпкерлерінің мүдделерін қорғау бойынша «НұрТолқын» қоғамдық ұйымының басшысы Игорь Анатольевич Рыженков және «ҚР балық аулаушылар мен аң аулаушылар» қоғамдық ұйымының Нұра аудандық филиалының өкілі Пронина Людмила Арнольдовна  қатысты.
Кездесу барысында сот төрағасы С.Е. Жұмабеков Елбасымен судьялардың VII съезінде судьялар қауымдастығының алдына қойған міндеттері мен Қазақстанның тәуелсіздігінің  25 жылы ішінде сот қауымдастығы жеткен жетістіктері туралы баяндап берді.
Оның ішінде, аталмыш съезде қабылданған судьялардың жаңа әдеп кодексі және оның негізгі принциптері туралы сонымен қатар, бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам-баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының 10 қадамын іс жүзінде орындалуы туралы және төрелік етудің ең басты мақсаты тараптарды табыстыру, татуластыру, бітімгершілікті дамыту қажет екенін айтып өтті. Сонымен бірге, судьялар съездерінің нәтижесінде соттарға жаңа технологиялар енгізіліп, қолжетімділік артқанын, заңнамалар ізгілендіріліп, сот жүйесін жетілдіру бағытында Елбасы айқындап берген міндеттер шегінде сот-құқықтық реформалар толығымен іске асырылғанын жеткізді.
Баяндамадан кейін сөз кезегін «НұрТолқын» қоғамдық ұйымының басшысы Игорь Анатольевич Рыженков алып, осындай қоғамдық маңызы бар кездесулерді жиі өткізуді ұсынды.  
Кездесу соңында Серік Маратұлы қатысушыларға дөңгелек үстелге белсенді араласып, ой-пікірлерімен бөліскен үшін алғыс айтып, барлықтарын келе жатқан Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтоймен құттықтады.

 

 

Источник: 
Нұра аудандық сотының баспасөз қызметі