Архив событий

01/04/2016

Қарағанды облыстық сотының ұжымына жаңа жетекшілер таныстырылды

01/04/2016
Бүгін «Қарағанды облысы бойынша соттардың әкімгері» РММ-нің басшысы Д.Т. Құсбеков облыстық сотының ұжымына жаңа жетекшілерді таныстырды – талдау және жоспарлау бөлімінің жетекшісін А.Б. Оспановты және ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің жетекшісі Ш.А. Солтаеваны.

«Көліктік құқық бұзушылықтар» тақырыбындағы дөңгелек үстел

01/04/2016
Бұқар-Жырау аудандық сотында судьялардың, кеңсе меңгерушісінің, ІІБ-нің жол полиция қызметкерлерінің және ДЭУ-45 ұжымының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында транспортта жасалған құқық бұзушылық жайлы әкімшілік істерді қарау барысында жаңа Қазақстан Республикасы ӘҚБтК қолдану кезінде туындаған практикалық сұрақтар талқыланды.

Октябрь ауданының №2 аудандық сотының кәсби медиаторлармен ынтымақтастығы

01/04/2016
Бүгін Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында судьялар «Жанжалдарды шешу орталығы - Диалог» жеке меншік мекемесінің кәсіби медиаторы О.К. Дарбековпен кездесу өткізіді.
Кездесу барысында алдағы уақытта сот пен «Диалог» орталығының бірігіп жұмыс істеуі және азаматтық пен қылмыстық істер бойынша медиаторларды қатыстыру мәселелері талқыланды.

Қарақаралы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

01/04/2016
Аудандық сот халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру мақсатында «Ашық есік күні»  өткізілді.
Шара барысында сот төрағасының қабылдауында  Қарқаралы қаласының тұрғыны   А. азаматшасы несие қарызы бойынша сұрағымен келді.

Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың кейбір мәселелері жайлы

01/04/2016
Қарағанды облыстық сотында Қарағанды облысының судьялары үшін Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың кейбір мәселелері жайлы семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Р.А. Нұрмағамбетов, облыстық сотының судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен қылмыстық істер қарауға мамандандырылған судьялары қатысты.

Қарағанды облысының судьялары үшін азаматтық және әкімшілік істерді қараудың кейбір мәселелері бойынша семинар-кеңесі өткізілді

01/04/2016
Қарағанды облыстық сотында Қарағанды облысының судьялары үшін азаматтық және әкімшілік істерді қараудың кейбір мәселелері бойынша семинар-кеңесі өтті.
Іс-шараға Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Ж.К. Сейдалина, облыстық сотының судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен азаматтық және әкімшілік істерді қарауға мамандандырылған судьялары қатысты.

Сот төрелігін жүзеге асыру жалпы мәселелері жайлы

01/04/2016
Қарағанды облыстық сотында Қарағанды облысының судьялары үшін сот төрелігін жүзеге асыру жалпы мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Іс-шараға облыстық соты төрағасының м.а. Р.А. Нұрмағамбетов, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Ж.К. Сейдалина, облыстық сотының судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында кеңсе меңгерушісі таныстырылды

01/04/2016
Бүгін Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында «Қарағанды облыстық соттар әкімшісі» РММ басшысының орынбасары Д.Г. Ахашов «Қарағанды облыстық соттар әкімшісі» РММ басшысының бұйрығына сәйкес кеңсе меңгерушісі лауазымына тағайындалған Әлішер Қазақбайұлын таныстырды.

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілге қатысты байқау өткізілді

01/04/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік тілде іс жүргізуді дамыту және қолдану мәселелерімен айналысатын жауапты маман А.Ғ. Абжанованың бастауымен сот мамандары арасында мемлекеттік тілді білу туралы байқау өткізілді.