Архив событий

22/04/2016

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында баспасөз – конференциясы өтті

22/04/2016
Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында төраға К.Имашевпен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Баспасөз – конференциясы өтті. 
Баспасөз – конференциясында өзекті, қызығушылық сипатта болу мүмкін, әкімшілік істер туралы және 2016 жылдың 3 айы аралығындағы соттың жұмыс  қорытындысы туралы айтылды.

Теміртау қалалық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

22/04/2016
Теміртау қалалық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
Мұндай іс-шара  халыққа құқықтық көмек көрсету үшін, құқықтық мәдениет деңгейін және азаматтардың сот жүйесіне сенімін көтеру үшін,  және де сот әділдігіне қол жетімділік мақсатында өткізіледі.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

22/04/2016
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотымен  жеке айыптаушы С-ның Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108 (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бабы бойынша А-ны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағымы бойынша қылмыстық ісі қаралды.  

Тараптардың келісімге келуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

22/04/2016
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотымен Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 1 бөлігінде (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) көзделген қылмысты жасағаны үшін күдікті Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

22/04/2016
Абай ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187 бабының 1 бөлігі бойынша айыпталушы В.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Топар кентінде бола тұрып танысы К-ның үйіне спирттік ішімдік ішуге барған. Танысы К. өзін нашар сезінуіне байланысты В-ны жалғыз өзін қалдырып, дем алу үшін өз бөлмесіне кіріп кеткен.

ЖЖЕ бұзғаны үшін сот жүргізуші куәлігінен айырды

22/04/2016
Бұқар-Жырау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596 бабы 3 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес құқық бұзушы «BMW» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатқан кезде жолдың қарсы келетін көліктерге арналған бөлігіне шығып кетті.

«Істі сот қарауынан өткеннен кейін рәсімдеу» тақырыбында семинар сабағы

22/04/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотында  «Істі сот  қарауынан өткеннен  кейін рәсімдеу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинар сабақтары аудандық соттың жұмыс жоспары бойынша ай сайын өткізіледі. Мұндай іс-шара заң нормаларын жоғары деңгейде білу мақсатында өткізіледі, сондай-ақ тәжірибеде қолданылады. 

Аудандық сотта Әдеп кодексінің ережелері талқыланды

22/04/2016
Оқу сыныбының 2016 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспарына сәйкес Абай ауданының №2 аудандық сотында сот қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған Әдеп кодексі 2015 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, ал 2016 жылдың 01 қаңтарында күшіне енген.

Іс өндірістен қысқартылды

22/04/2016
Сәтбаев қалалық сотында Қазақстан Рспубликасы ӘҚбҚ-нің 73 бабы 1 бөлімімен Сәтбаев қаласының ІІБ-нен келіп түскен азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Алкогольдік өнімдерді сатқаны үшін айыппұлға салынды

22/04/2016
Сәтбаев қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚбҚ-нің 200 бабы 3 бөлімімен азаматша М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Азаматша М. «Рахат» дүкенінде сатушы болып жумыс істейтеп, азамат Ж.-ға «Хаома» спирттік ішімдігін сатуды жүзеге асырған.