«Істі сот қарауынан өткеннен кейін рәсімдеу» тақырыбында семинар сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотында  «Істі сот  қарауынан өткеннен  кейін рәсімдеу» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинар сабақтары аудандық соттың жұмыс жоспары бойынша ай сайын өткізіледі. Мұндай іс-шара заң нормаларын жоғары деңгейде білу мақсатында өткізіледі, сондай-ақ тәжірибеде қолданылады. 
Семинар сабағында баяндама жасаған аудандық соттың кеңсесінде бас маман-Н.Н.Воронова сот отырысының хатшыларына іс қаралып болғаннан кейін дұрыс  әзірленуін атап өтті.
Сонымен қатар, сот актілерін орындау сот билігінің негізгі институттарының бірі болып табылады, сондықтан семинар барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі  Ә.Қазақбайұлы сот актілерінің «Төрелік» АЖ-де орындалуы туралы түсіндірме берді.  

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі
Тегтер: