Архив событий

05/04/2016

Сотпен "Ашық есік күні" іс-шарасы өткізілді

05/04/2016
Бұқар-Жырау ауданының №2 аудандық сотында ашық есік күні өткізілді.
Сот төрағасының қабылдауына колледж оқушысы Д. Мейрманова жұмысқа тұру және әрі қарай мемлекеттік қызметке өтуге тестті өту туралы сұрақтарымен жүгінді. Сонымен қатар, еңбек кітапшасында кеткен қателікті түзету туралы сұрақтарымен Актобе аулының тұрғыны И. Хасенов жүгінді.
Жүгінгендер қызықтыратын сұрақтарына қанағатты жауаптар алды.

Қарағанды қаласы Қазыбек ауданының №2 аудандық сотында «Мұрагерлік құқық. Мұрагерлікті қабылдау мерзімін қалпына келтіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

05/04/2016
Қарағанды қаласы Қазыбек ауданының №2 аудандық сотында «Мұрагерлік құқық. Мұрагерлікті қабылдау мерзімін қалпына келтіру» тақырыбында судьялардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көшпелі дәріс өткізді

05/04/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.А. Кушакова Қарағанды политехникалық колледж студенттеріне «2006-2016 жж. Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында көшпелі дәріс өткізді.
Марина Афанасьевна студенттерге дәрістің түсінікті және қызықты өтуіне бар күшін салды, себебі оларға болашақта гендерлік теңдіктің стратегиясын дамыту керек, ал ол үшін:

Қолға үйретілгендер үшін өзіміз жауаптымыз

05/04/2016
Қарағанды облысының Нұра аудандық сотымен азамат Ш.-дан үй иттің қабуымен байланысты келтірілген материалдық және моральдық зиянның орнын толтыру туралы азаматша К.-ның талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралған.

Сотпен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін әкімшілік қамауға алынды

05/04/2016
Шет аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.
Іс материалдары бойынша Шет ауданының С. Сейфуллин кентінің тұрғыны азамат Б. өзінің жұбайы К.-ға былапыт сөздер айтқан. Үй-ішінің тыныштығын бұзды, осылайша әкімшілік жаза салғаннан кейін бір жыл мерзім ішінде әкімшілік құқық бұзушылықты қайта жасады.