Архив событий

15/04/2016

Осакаров ауданының № 2 сотында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамсыз ету

15/04/2016
№ 2 Осакаров аудандық сотында  қызмет барысындағы жабық ақпараттың сыртқа тарап кетпеуі және Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10 бабының 10 тармағы  талаптарының қызмет бабында қатаң сақталуы жөнінде жедел отырыс өтті.

Жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап кеткен үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

15/04/2016
Қарағанды облысының Нұра аудандық сотымен аз. А. қатысты Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы - ҚР ӘҚБтК-нің 611 бабының 2 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралған.

Айыппұл жазасы қоғамдық жұмысқа тарту туралы жазамен ауыстырылды

15/04/2016
Қарқаралы аудандық сотымен  А-ға қатысты айыппұл түріндегі тағайындалған жазаны қоғамдық жұмысқа тарту жазасына ауыстыру туралы Қарағанды облысы Әділет Департаменті  Қарқаралы сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлім  мемлекеттік сот орындаушысының ұсынысы қаралған.

Сотпен ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды

15/04/2016
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотымен азамат Л.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушы туралы іс қаралды.
Құқық бұзушы өзінің үйінде Мұстафин болып, азаматтық некеде тұратын әйелмен жанжал шығарып, сонымен қатар, оған балағат сөздер айтты, үй заттарын шашты.

Сот дауды партисипативтік рәсімімен реттеу туралы келісім бекітті

15/04/2016
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен партисипативтік рәсімімен  дауды реттеу туралы келісім бекітілді.
Экономикалық сотқа «Print Store» ЖШС-нен  «Проимпэкс» ЖШС-нен 473 234, 39 теңге сомасында қарызды және үстемақыны өндіріп алу туралы талап арызы түсті.