Архив событий

13/04/2016

Іс жеңілдетілген тәртібімен қаралды

13/04/2016
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотымен «Қарағанды ЖылуСбыт» ЖШС-нің жауапкер О.-ға тұтынылған жылу-энергиясы үшін қарыз өндіру туралы талап арызы жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралды.

«Жазаны айыппұл түрінде тағайындау, сот актілерңн орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

13/04/2016
Бұқар Жырау аудандық сотында судьялардың, сот мамандарының және сот орындаушыларының қатысуымен «Жазаны айыппұл түрінде тағайындау, сот актілерңн орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айырылды

13/04/2016
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 107 бабы 1 бөлігінде (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) көзделген қылмыс жасаған азамат К.-ға қатысты үкім шығарылды.

Сотпен медиация тәртібімен қылмыстық істі қысқарту туралы келісімі бекітілді

13/04/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1 бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша Молодежный кенті тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.
Соталушы өз кінәсінді мойындады, жасалған іс-әрекетіне өкінді. Осының нәтижесінде, тараптар кәсіби емес медиаторға жүгінді.

Марихуана мен наша сатушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды

13/04/2016
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297 бабы 3 бөлігі «3» тармағы (есірткі құралдарын әрі қарай өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша айыпталған азамат Т.-ға қатысты қылмыстық ісі бойынша үкім жарияланды.