Архив событий

07/04/2016

Отбасылық-тұрмыстық ортада құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік

07/04/2016
Абай аудандық сотының қаулыларымен Д. отбасы өзара бір-бірін балағаттағандығы үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ның 73 бабының 1 бөлімі бойынша отбасылық-тұрмыстық ортада құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл салынды

07/04/2016
Сәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтҚ-нің 434 бабы 1 бөлімі бойынша азамат Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Азамат Д. қоғамдық орында Сәтпаев қаласының Абай көшесі № 50 уйдің маңында болып шекелдеуіктің қабығын жерге тастаған, сонымен жалпыға ортақ қолданылатын орынды ластаған.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағанына құқық бұзушының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен және анықтамасымен дәлелденді.

Сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушыларды сауалнамаға қатыстыру туралы

07/04/2016
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот ағымдағы жылдың 4 сәуірінен бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізуді бастады. Сауалнама жүзеге асырылып жатқан реформалар, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Маскүнемдікті мәжбүрлі емдеу

07/04/2016
Сәтбаев қалалық сотымен «Облыстық наркологиялық орталық» ҚММ-нің Ш.-ты мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеу үшін наркологиялық орталыққа жіберу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Сарапшының қортындысы бойынша азамат Ш. маскүнемдіктен азап шегіп, мәжбүрлі түрде «Саран қаласының медициналық-әлеуметтік оңалту жөніндегі наркологиялық орталыққа» 12 айға мәжбүрлі емделуге мұқтаж. Мәжбүрлеп емдеуге қарсылық болмады.

Автокөлік құралын жүргізу құқығынан айыру

07/04/2016
Сәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтҚ-нің 608 бабы 1 бөлімі бойынша М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
М. Сәтпаев қаласындағы Ұлытау көшесі маңында мас күйінде “Mercedes Benz” маркасындағы автокөлікті жүргізген.

Қолхат бойынша қарыз соманы өндіру

07/04/2016
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер Н.-ның жауапкер Ж.-дан қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Талапкерден жауапкер жазбаша қол хат бойынша 400 000 теңгені және бес алтын бұйымдарды қарызға алған, бірақ жауапкер осы күнге дейін қарызын қайтармаған. Осыған байланысты, талапкер ақша қаражаттарды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Регресс тәртібімен ақша қаражаттарын өндіру

07/04/2016
Сәтбаев қалалық сотымен «Мунай Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамның талабымен азамат Б.-дан регресс тәртібімен өтемақы өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.
Б. автокөлігін жүргізгізіп келе жатқанда «Volkswagen Golf» автокөлігін басқарып келе жатқан азамат А.-мен соқтығысып, оқиға болған орынды тастап кетті, сонымен, жол жүру ережесінің 2.1.8. пунктін бұзды.