Архив событий

21/04/2016

Интернет модульдерімен жабдықталған ұялы телефондарды қолдануға тиым салу сұрақтары бойынша полиция қызметкерлерінің Бұқар-Жырау аудандық сотының кеңсе меңгерушісімен жұмыс кездесуі

21/04/2016
Бұқар-Жырау аудандық сотында Қарағанды облысы мамандандырылған Күзет қызметі басқармасының командирі полиция капитаны К.Т.Мукашев және Бұқар-Жырау аудандық сотының кеңсе меңгерушісінің арасында, ғимарат қызметкерлерінің және сотқа келушілердің ғаламтор модулі, сурет- бейне жазба және дыбыс жазбасы бар ұялы байланыс құралдарын пайдалануға тиым салу сұрақтары бойынша кездесу өтті.

Маскүнемдіктен мәжбүрлі емделуге жіберілді

21/04/2016
Сәтбаев қалалық сотымен Қарағанды облысы «Облыстық наркологиялық орталық» ҚММ-нің азамат Н. мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеу үшін наркологиялық орталыққа жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.
Сарапшының 03.03.2016ж. №44 қортындысы бойынша Н. маскүнемдіктен азап шегіп, мәжбүрлі түрде наркологиялық орталығында емделуге мұқтаж.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс өндірістен қысқартылды

21/04/2016
Сәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚбҚ-нің 73 бабы 1 бөлімімен Сәтбаев қаласының ІІБ-нен келіп түскен азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы өзінің үйінде, мас куйінде, өзінің бұрынғы жұбайына жанжал көрсете отырып, дау кезінде ол өзін агрессивті ұстап, ескертуге мән бермей, жұбайының намысына келетін сөздер айтты.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

21/04/2016
Шет аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасы Д.Қ. Бурабаев, қорғаушылар, аудандық прокуратура, әділет және ішкі істер органдарының өкілдері, «Күзет» МКҚБ қызметкерлері мен кеңсе мамандары қатысты.

Іс келістіруші өндіріспен қаралды

21/04/2016
Сотқа дейін алдын ала тергеу барысында сотталушы И. мен Ұлытау аудандық прокуроры арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім бекітілді.
Жәбірленуші Р. кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасауға келісімін берген.