Архив событий

18/04/2016

Мәжбүрлі емделуге жіберілді

18/04/2016
Сәтбаев қалалық сотымен Қарағанды облысы «Облыстық наркологиялық орталық» ҚММ-нің азамат Б.-ны мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеу үшін наркологиялық орталыққа жіберу туралы азаматтық іс қаралды.
Сарапшының 03.03.2016ж. № 28 қорытындысы бойынша Б. маскүнемдіктен азап шегіп, мәжбүрлі түрде емделуге жататыны көрсетілген.

Сотпен мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініші қаралды

18/04/2016
Сәтбаев қалалық сотымен Сәтбаев қаласының ПҚ бөлімінің сотталған С.-ке қатысты мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініші қаралды. Азамат С. 04.11.2015 жылғы Қарағанды облысы Сәтпаев қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-тің 188 бабы 1 бөлімі бойынша (ұрлық) 1 жыл бас бостандығын шектеуге сотталды.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамау

18/04/2016
Сәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚбҚ-нің 434 бабы 1 бөлімімен азамат П.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Құқық бұзушы қоғамдық орында яғни, Сәтбаев қаласы, Абай көшесі №50 уйдің маңында, жалпыға ортақ қолданылатын орынды ластап, қоқыс салатын жәшік тұрса да, темекі тұқылын жерге тастаған.

Сотпен қарыз сома өндірілді

18/04/2016
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер «Арнайы қаржы компаниясы «Finance» ЖШС-нің жауапкер И.-дан берешегін өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
03.09.2007ж. «Альянс Банк» АҚ келісім шарты бойынша банк жауапкерге 36 айға 350 000 теңге көлемінде несие берген, бүгінге таңға жауапкердің банк алдында қарызы 151 707 теңгені құрайды.

«Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

18/04/2016
Шет ауданы Батық ауылдық округінде Шет аудандық сотының төрағасы Д.К. Бурабаев «Ашық есік күні» іс-шарасы аясында тұрғындармен кездесу өткізді.

Соттың шешімі – мәжбүрлі түрде емдеу

18/04/2016
Нұра аудандық сотымен «Аудандық орталық аурухана» КМК-ның ұсынысы бойынша азамат О. Қарағанды облысының Саран қаласындағы «Облыстық мамандырылған емдеу-профилактикалық мекемесі» КМҚК-на ішімдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу туралы азаматтық ісі қаралған.

Мамандар сенбілік өткізді

18/04/2016
Аумақты абаттандыру және тазалау айлығы шеңберінде, Қарағанды облыстық сотының мамандары сот ғимаратының маңын ретке келтіріп, сенбілік өткізді.

Қылмыстық жауаптылықтан босатылды

18/04/2016
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 198 бабы 2 бөлігінде (авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін Х. айыптау туралы қылмыстық ісінің өндірісі қысқартылды.

Сотпен медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітілді

18/04/2016
Қарағанды облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотымен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді.
Экономикалық сотына «SanRecServis» ЖШС-нен 1 030 015 теңге мөлшерінде берешекті өндіріп алу туралы «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ талап арызбен жүгінді.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды

18/04/2016
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотында алдын ала сөз байласу арқылы ұйымдасқан топ құрып азаматтар Т., Р., Н. қатысты көп эпизодтық қылмыстық іс қаралды. Жұмыс жасау барысында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз 6 жалған кәсіпорын құрған және қатысу үлесін алған.