Архив событий

12/04/2016

«Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізу

12/04/2016
Бүгін Осакаров ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліді. Іс-шараның модераторы болып сот төрағасы Қ.К. Байғаскин сөз сөйледі, оған сот қызметкерлері, ішкі істер мекемесінің және әкімшілік өкілдері, қорғаушылар мен Молодежный кентінің тұрғындары қатысты.

Дөңгелек үстел үстінде жазаны өтеуден шартты мерзімінен бұрын босату институты талқыланды

12/04/2016
Абай ауданының №2 аудандық сотында судьялардың, прокуратура, «АК-159/9 Мекемесі» РММ, Абай ауданының №2 пробация қызметі өкілдерінің, заң консультациясы адвокаттарының қатысуларымен «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Жеке меншік құқығын тоқтату

12/04/2016
Саран қалалық сотымен талапкер Саран қаласы әкімдігінің жауапкер И.-дің жеке меншік құқығын тоқтату туралы азаматтық ісі қаралды.
Саран қаласында орналасқан пәтер пәтерді жекешелендіру шарты бойынша жеке меншік құқығы негізінде И.-ге тиесілі.

Жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл

12/04/2016
Саран қалалық сотымен азамат Г.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, ол Қазақстан Республикасы Жол жүргізу ережесінің 8.1 т. бұзды. Ол мемлекеттік нөмері 000 ААА «Volkswagen Ventо» маркалы автокөлігін басқара отырып, Саран қаласының коммуналдық базарының көлік қоятын жерінен артқа шегіну әрекетін жасаған кезде, В. басқаруында болған мемлекеттік нөмері 111 МММ «Nissan Almera» маркалы автокөлігімен соқтығыс жасады.