Архив событий

06/04/2016

Абайсыздық кісі өліміне әкелді

06/04/2016
Шахтинск қалалық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106 бабының 3 бөлімі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кезінде абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу) бойынша Р. Азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Мас күйін куәландыруды өтуден бас тартты

06/04/2016
Қарқаралы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігі бойынша (мас күйін куәландырудан өту туралы полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамау) азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
2016 жылы 26 наурызында жүргізуші А. құжаттарын тексеру үшін полиция қызметкерлерімен тоқтатылғаны анықталды. Тексеріс барысында полиция қызметкерлерімен азамат А.-ға медициналық куәландыруды өтуге ұсынылды, бірақ А. себебін айтпай, куәландырудан өтуден бас тартты.

Қолхат бойынша борышты өндіру

06/04/2016
Қарқаралы аудандық сотымен азамат М.-ның азамат А.-дан қолхат бойынша борышты өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сот мәжілісі барысында талапкер 2014 жылдың қыркүйектің 14-жұлдызында жауапкер 200 000 теңге көлеміндегі соманы 1 ай мерзімге алғанын түсіндірді. Бірақ, көрсетілген мерзімде борышкер қарызын өтемегендік, сондықтан талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

Заңды тұлғаларды тіркеу мен қайта тіркеудің күшін жоюмен байланысты проблемалық мәселелері талқыланды

06/04/2016
Қарағанды облысы мамандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Заңды тұлғаларды тіркеу мен қайта тіркеудің күшін жоюмен байланысты проблемалық мәселелері» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Бұқар-жырау аудандық сотында кәсіби медиатордың қатысуымен семинар өткізілді

06/04/2016
Бұқар-жырау аудандық сотында судьялардың, сот қызметкерлерінің, кәсіби медиатордың және адвокаттардың қатысуымен семинар өткізілді.
«Дауларды шешу орталығы - Диалог» жеке меншік мекемесінің кәсіби медиаторы С.Е. Шакиров семинар қатысушыларына, Қарағанды қаласында жанжалды медиация тәртібімен ретке келтіру бойынша жоғарғы кәсіби қызмет көрсететін «Жанжалдарды шешу орталығы - Диалог» жұмыс жасайтыны жайлы ескертті.

«Тінту. Жеке тінту» атты дөңгелек үстел

06/04/2016
Жезқазған қалалық сотының тергеу судьяларымен – төраға М.Е. Кокушев және судьялар К.Б. Кадиров, А.М. Кутышевпен «Тінту. Жеке тінту» атты дөңгелек үстел іс шарасы өткізілді.

Пәтерді сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану

06/04/2016
Балқаш қалалық сотында азамат Ж.-ның азамат С. және азаматша А.-ға қатысты пәтерді сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Талапкер Ж. даулы пәтердің меншік иесі болғандықтан, сол пәтерде өз отбасымен тұрып жатқан.

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дөңгелек үстел өткізілді

06/04/2016
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Е.А. Кириллованың төрағалық етуімен «Кәмелетке толмағандардың өз бетінше үйден кетуі, оның себептері және оны қабылдау» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.