Мас күйін куәландыруды өтуден бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарқаралы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігі бойынша (мас күйін куәландырудан өту туралы полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамау) азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
2016 жылы 26 наурызында жүргізуші А. құжаттарын тексеру үшін полиция қызметкерлерімен тоқтатылғаны анықталды. Тексеріс барысында полиция қызметкерлерімен азамат А.-ға медициналық куәландыруды өтуге ұсынылды, бірақ А. себебін айтпай, куәландырудан өтуден бас тартты.
Сот құқық бұзушы А.-ны берілген бап бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.
Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз-қызметі