Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сотпен бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық сотына Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1-ші бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа берілген Б. азаматына қатысты қылмыстық іс түсті.
Бұқар жырау ауданы Акжар ауылында азамат Б. жұмыс іздестіру кезінде М. азаматшаның үйіне келген. Үйінің есігінде құлып тұрған, және Б. мал тұратын қорасына кірді. Мал тұратын қорада ешкімнің жоқтығына көз жеткізіп, сотталушы қара қызыл түсті бұқаны ұрлады. Осының салдарынан жәбірленушіге 100 000 теңге сомасындағы материалдық залал келтірілді.
Аталған істі қарау кезінде тараптар кәсіби емес медиаторға жүгінді. Сондықтан, тараптар арасында медиация туралы келісім жасалды. Келісім шарттары бойынша жәбірленуші М. қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішін білдіреді, себебі келтірілген залал толығымен өтелген. Сонымен қоса, сотталушы жәбірленушіден кешірім сұрады.
Сотпен істі медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекіту туралы қаулы шығарылды, аталған іс бойынша өндіріс қысқартылды.
Источник: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз-қызметі