Қолхат бойынша борышты өндіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарқаралы аудандық сотымен азамат М.-ның азамат А.-дан қолхат бойынша борышты өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сот мәжілісі барысында талапкер 2014 жылдың қыркүйектің 14-жұлдызында жауапкер 200 000 теңге көлеміндегі соманы 1 ай мерзімге алғанын түсіндірді. Бірақ, көрсетілген мерзімде борышкер қарызын өтемегендік, сондықтан талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болды.
Сот отырысында тараптар бітімгершілік келісімге келді. Талап қоюшы М. қарыз ақшаны өндіру туралы талабынан бас тартады, ал жауапкер өз кезегінде 2016 жылдың 25 желтоқсанына дейін ай сайын 20 000 теңгеден қарыз соманы төлеуге міндеттенеді.
Сот ұйғарымымен Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының тәртібімен келісім бекітілді. Жауапкер өзіне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайда талапкер осы татуласу келісімді атқарушылық іс жүргізу органына мәжбүрлі түрде орындау үшін ұсынуға құқылы.
Сот ұйғарымы заңды күшіне еңді.

 

Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз-қызметі